«AMANAT» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында оқу семинарының екінші аптасы бастау алды.
Әдеттегідей бұл жолы да Қызылорда қаласы мен Сырдария, Жалағаш, Шиелі және Жаңақорған аудандарынан 250 азамат оқу семинарына қатысып, қаржылық сауаттылықтарын арттыратын болады.
Бүгін «Анаға тағзым» орталығында басталған екінші оқу апталығының ашылу салтанатына партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшы Ләйлә Төрешова қатысып, жобаның маңыздылығын кеңінен түсіндірді. Атап өтейік, бұл жолы қаржылық сауаттылықты арттырып, отбасылық бюджетті тиімді және мақсатты басқаруды үйрену үшін көпбалалы аналар, жұмыссыздар мен зейнеткерлер көптеп келген.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!