Дүйсенбі, 29 желтоқсан, 12:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№99, (2211)
27.12.2025
PDF мұрағаты

Қазақстанда 1 қаңтардан бастап зейнетақы мен жәрдемақы өседі: 2026 жылға арналған жаңа мөлшерлер жарияланды

29.12.2025

46 0

Фото: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ

Қазақстанның Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде (ЕХӘҚМ) бүгін, 29 желтоқсанда, 2026 жылы елімізде зейнетақылар мен жәрдемақылар қанша пайызға өсетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Ұлттық банк айқындайтын болжамды инфляция деңгейіне сай мемлекеттік жәрдемақылардың барлық түрі, базалық және ынтымақты зейнетақылар 10%-ға ұлғайтылады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдан бастап бес жыл бойы ең төменгі базалық зейнетақы мөлшерін күнкөріс деңгейінің 70%-ына дейін, ал ең жоғары мөлшерін 120%-ына дейін кезең-кезеңімен жыл сайын арттыру жүзеге асырылып келеді.

Осылайша, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 35 596 теңгені (күнкөріс деңгейінің 70%-ы) құрайды. Ал ең жоғары мөлшері күнкөріс деңгейінің 110%-ынан 118%-ына дейін өсіп, 60 005 теңгеге жетеді.

Мәселен, 2019 жылы зейнетке шыққан 70 жастағы зейнеткерге 2025 жылы бюджеттен төленген зейнетақы мөлшері 171 588 теңге болды, оның ішінде базалық зейнетақы төлемі – 50 851 теңге, ынтымақты зейнетақы – 120 737 теңге.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап болатын өсімді ескергенде, бұл зейнеткердің жалпы зейнетақысы 192 816 теңгеге дейін ұлғаяды, оның ішінде базалық зейнетақы – 60 005 теңге, ынтымақты зейнетақы – 132 811 теңге болады. Айта кету керек, көрсетілген сомаларға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) төленетін төлемдер кірмейді.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мөлшерінің өсуіне қатысты бірнеше мысал:

  • 1, 2, 3-бала дүниеге келгенде төленетін жәрдемақы 149 416 теңгеден 164 350 теңгеге дейін, ал 4 және одан да көп бала туған жағдайда – 247 716 теңгеден 272 475 теңгеге дейін ұлғаяды.
  • Балалар санына байланысты белгіленетін көпбалалы отбасыларға арналған жәрдемақы 4 баласы бар отбасылар үшін 63 030 теңгеден 69 330 теңгеге дейін, ал 10 баласы бар отбасылар үшін 157 280 теңгеден 173 000 теңгеге дейін өседі.
  • I топтағы мүгедектігі бар адамдарға арналған жәрдемақы 101 702 теңгеден 111 872 теңгеге дейін, II топ үшін – 81 362 теңгеден 89 498 теңгеге дейін, III топ үшін – 55 474 теңгеден 61 021 теңгеге дейін арттырылады.

Сондай-ақ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) асыраушысынан айырылу және еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайлары бойынша төленетін әлеуметтік төлемдер де 10%-ға көбейтіледі. Бұл төлемдер мемлекеттік бюджеттен берілетін жәрдемақыларға қосымша түрде, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға төленеді.

Төлемдердің мөлшері әр адам үшін жеке есептеледі және соңғы екі жылда МӘСҚ-қа әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табысқа, еңбекке қабілеттілігінен айырылу коэффициенттеріне, асырауындағы адамдар санына, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және табысты алмастыру деңгейіне байланысты болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: