«АМАNАТ» партиясы «Halyk Bank» банкімен бірселіп, өткен жылы еліміздің 8 өңірінде азаматтардың қаржылық сауаттылығын арттыру мақсатында «Қарызсыз қоғам» жобасын іске қосып, 65 мыңнан астам азаматты қаржылық сауаттын жетілдіру курстарынан өткізуге үлес қосқан болатын.
Осы ретте, «Қарызсыз қоғам» жобасының Қызылорда облысы бойынша менеджері, сертификатталған тренер, ментор – Мишукова Наталья Валентиновна облыстық Жастар ресурстық орталығында 5 күндік дәріс өткізді.
Басталған жобаға партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Л. Төрешова және партияның қалалық филиалының Төрағасы И. Құттықожаев қатысып, қатысушылар үшін жобаның маңыздылығын атап өтті.
Оқыту курсының негізгі мақсаты – елімізде болашақта ел экономикасын қалыптастыратын халықтың, жас ұрпақтың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған қаржылық білім беру жүйесін құру сонымен қатар қаржылық сауаттылықты арттыру, өз қаражатын тиімді басқаруды үйрену, қаржыға қатысты мәселелер қалай пайда болатынын және алаяқтық әрекеттерді қалай анықтау қажет екендігін үйрету.
Атап өтейік бұл аптада жоба аясында Қызылорда қаласы бойынша 50 азамат дәріс алды.
Оқу күндізгі форматта, бір топта 50 адамға дейін оқытылады.
Дәрістің ұзақтығы – 5 жұмыс күн.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!