Жексенбі, 22 желтоқсан, 21:47

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Аймақтың 355 шақырым жолы жөнделеді

13.08.2021

844 0

Бұл мақсатта республикалық және облыстық бюджеттен бөлінген қаржыға автомобиль жолдарымен қатар көпір өткелдері де жөнделмек. Негізгі жұмыстар «Нұрлы жол» және «Өңірлерді дамыту», «Ауыл ел – бесігі» бағдарламаларының аясында атқарылатын болады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Тлеумбетов мәлімдеді.

Брифингте басқарма басшысы аймақтың автомобиль жолдарына жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарына кеңінен тоқталды. Алдымен «Қызылорда-Жалағаш» тас жолындағы жұмыстарды жан-жақты баяндап, атқарылып жатқан жұмыстарды айтты. Айтуынша «Қызылорда-Жалағаш» жолының 91 шақырымын жөндеуге қажетті 3,1 млрд. теңгенің республикалық бюджеттен 1 млрд. теңгесі бөлінген. Қазіргі уақытта бөлінген қаржы жолдың ең нашар бөліктерін жөндеуге бағытталған. Яғни ағымдағы жылы Қызылорда қаласынан бастап Тереңөзек кентінің кіре берісіне дейінгі тас жол жөнделеді. Сонымен қатар Жалағаш кентін республикалық маңызы бар Самара-Шымкент автодәлізімен байланыстыратын жол да жөндеу көрмек. Ал жолдың қалған 61 шақырымы 2022 жылы толық жөндеуден өткізіледі.

Одан әрі басқарма басшысы аймақ орталығындағы жол жөндеу жұмыстарын да сөз етті. «Облыс орталығындағы С.Бейбарыс көшесінен Қызылжарма каналына дейінгі магистралды көшенің құрылысын аяқтауға қаржы қаралған. Сырдария өзенінің сол жағалауындағы қорғаныс бөгетін бойлай С.Бейбарыс көпіріне дейінгі магистралды көше салынуда. Бұл жолды тамыз айының аяғында пайдалануға беру жоспарлануда. Эдельвейс саяжай ауданының сол жағалау бөлігіндегі магистралдың құрылысына да қаржы қаралып, жөндеу жұмыстары басталып кетті. «Ауыл ел – бесігі» бағдарламасы бойынша да ұзындығы 80 шақырымнан астам елді мекендердің 64 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», – деді М.Тлеумбетов.

Айта кету керек, осы жылдың 7 айының қорытындысымен 8,1 млрд теңге игеріліп, аймақта 127 шақырым автомобиль жолы жөндеуден өтті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: