Бұл туралы Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Әуесұлы хабарлады.
–Ауыл шаруашылығына келетін болсақ, өнімінің жалпы көлемі 5,7 млрд.теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2 пайызға артық орындалды. Жыл басынан 3 326 тонна ет, 8 748 тонна сүт және 804 мың дана жұмыртқа өндірілді. Осылайша, ет өндірісі 102,3 пайызға, сүт 101,3 пайызға және жұмыртқа өндірісі 92,5 пайызға орындалып отыр. Ал аудан бойынша биыл барлығы 17 377 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Негізгі дақыл күріштің көлемі – 6450 га, бақша – 1115 га, көкөніс – 950, картоп – 315 га, мал азықтық дақылдары – 6876 га, – деді аудан әкімі Мұхтар Әуесұлы
Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметі
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!