Жексенбі, 22 желтоқсан, 17:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Дамуға серпін беретін бағыт

30.01.2021

1886 0

Индустриалды аймақ құру – ел өркендеуінің кепілі. Өйткені инновациялық жобаларды іске қосу – облыстың өнеркәсіптік әлеуетін арттырады. Жаңа өндіріс орындары ашылып, жұмыссыздық деңгейін төмендетуге мүмкіндік туады. Сыр өңірінде шағын және орта бизнесті дамыту, құрылыс екпінін қарқындату, индустриялық-инновациялық жобаларды қолдау бағытында қандай жұмыстар атқарылуда?

Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов шағын және орта бизнестің қызметіне жасалған талдау, сондай-ақ кәсіпкерлермен өткізілген кездесулер барысында аймақта шағын индустриялық аймақтарға деген сұраныстың жоғары екендігін айтты.
Мұндай индустриалды аймақтар «Атамекеннің» бастамасымен Түркістан, Алматы, Ақмола, Жамбыл облыстары мен Алматы қаласында құрылып, жұмыс жасауда екен.
– Жүргізілген зерттеулер жергілікті тауар өндірушілердің арасында шағын индустриалды аймақ құруға болатын 3 әлеуетті саланы анықтады. Бұл – ішкі нарықта сұранысқа ие тоқыма, тамақ өнімдері мен жиһаз өндірісі. Өнімнің осы түрлерін өндіруге қатысатын біздің өңіріміздегі кәсіпкерлер одан әрі дамыту үшін жеткілікті тәжірибе жинақтады. Алғашқы уақытта шағын индустриалды аймақты тігін өндірісі бойынша құруға болады. Ақпарат үшін облыста қазір 56 тігін цехы жұмыс жасауда, – дейді палата директоры.
Ғалымбек Жақсылықовтың айтуынша, тігін өндірісін таңдауының да себебі бар. Шағын индустриалды аймақ құру арқылы аталған сала негізінде жаңадан жұмыс орындарын көптеп ашуға болады.
Облыстық индустриалық-инновациялық даму басқармасының мәліметінше, соңғы бес жылда қалада индустриалды аймақ құру үшін 366 гектар жер телімі бөлініп, оған 128,8 млрд теңгені құрайтын 11 жоба қамтылған. Сол жобалардың бірі – «Ұзақов» жеке кәсіпкерлігі. Кәсіп иесі 2017 жылы кірпіш зауыты жобасын іске қосқан. Бүгінде онда 43 адам еңбекпен қамтылған.
Облыста индустриалдық аймақта жүзеге асқан жобалар іске қосылған уақыттан бері жалпы 23,8 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Оның ішінде 2020 жылы 12,5 млрд теңге, 2019 жылы 9,2 млрд теңге, ал 2018 жылы 1,2 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Өткен жылы Шиелі ауданындағы индустриялық аймақтағы тампонажды цемент зауытының 112 мың тоннасы Өзбекстанға экспортталған.
Биыл аймақта құны 42 млрд теңге болатын шыны зауыты жобасын іске қосу жопарлануда. Жоба іске қосылғанда зауытта 226 адам жұмыспен қамтылатын болады. Бүгінгі таңда 2 аймақта екі жаңа жоба бойынша жұмыс жүруде. Оның бірі түйе жүнін өңдеу болса, екіншісі шыны талшықты және композитті материалдарды өндіру үшін жер телімдерін рәсімдеу болып отыр. Ең бастысы, атқарылып жатқан жұмыс бүгін ғана емес, келешекте де жемісін беретіні айқын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: