Жұма, 27 желтоқсан, 07:17

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

ІТ-саласында жаңа жұмыс орындары ашылады

12.12.2022

816 0

2023 жылы IT-компанияларда 25 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл туралы ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Азаматтарға сапалы қызметтерді көрсету үшін облыстық және аудандық маңызы бар қалаларда кең жолақты Интернетке қолжетімділік қамтамасыз етіледі. Келесі жылы IT-компанияларда 25 мың жаңа жұмыс орны ашылады», – деді Үкімет басшысы.

Оның атап өтуінше, мемлекеттің, бизнестің және халықтың тиімді өзара іс-қимылы үшін проактивті мемлекеттік сервистерге көшу жүзеге асырылады. 1 қаңтардан бастап Отбасының цифрлық картасы пилоттық режимде іске қосылады. Ғылымның дамуына серпін беру үшін тиісті 5 жылдық ұлттық тұжырымдамасы қабылданды.

«Биыл ғалымдардың жалақысы 2 есеге ұлғайтылды. Жас ғалымдарды қолдау және ынталандыру үшін 1000-нан астам грант бөлінді, 400-ден астам ғалым әлемдік ғылыми орталықтарға стажировкаға жіберілді. 3 жетекші шетелдік зерттеу жоғары оқу орындарының филиалдары ашылды. Тағы 2 филиалдың ашылуы пысықталуда. Келесі жылы «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заң жобасы әзірленеді», – деді Әлихан Смайылов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: