Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 17:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Көлік жөндейтін Айдана

07.12.2021

918 0

Темір тұлпарды тізгіндеу әдетте ер адамға тән көрінетіні белгілі. Бірақ соңғы лидары көлік рөлінде нәзік жандарды жиі көретін болдық. Дегенмен бұзылса тілін білмейтіндердің қатары көп. Ондай кезде барлығы көлік жөндеу орталықтарының көмегіне жүгінеді. Бүгінгі кейіпкеріміз Айдана Тәжібаева көлік жөндейді. Ол қазіргі таңда Қызылордадағы техникалық қызмет көрсету орталығында автокөлікші болып жұмыс істейді.

Айдана Қызылорда қаласының тумасы. №172 мектепті бітіріп, «Серпін» мемлекеттік бағдар­ламасы бойынша Семей қаласын­дағы көлік колледжіне оқуға түседі. Онда «Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету, жөн­­деу және пайдалану» маман­дығын тәмамдаған. Білім беру мекемесінен жиырма алты сту­дент түлеп шыққан. Оның ал­тауы – нәзік жандар. Бүгінде өз мамандығы бойынша жұмыс істеп жатқан Айдана ғана.

Алғашында маманды­ғына айтарлықтай мән бер­меген ол ІІ курстан бастап өз мамандығына қызығады. Оған себеп – тобындағы жігіттермен бірге көлік жөн­деп, темір тұлпардың қыр-сырын меңгеруі еді. Үш жыл ізденісінің арқасында оқуды үздік бітірген ол туған жерге оралған соң жұмыс іздей бастайды. Бірнеше ай шаштараз, аспаз болып та бағын сынап көрген. Деген­мен ешқайсысы көңіліне жақ­пай, жұмыстан шығып кетеді. Ақырында өз ма­мандығы бойынша жұмысшы қабылдап жатқан орталыққа ат басын бұ­рады. Бастапқыда тәжірибе жи­нақтаушы болып кірген ол ай­налдырған бір ай ішінде өзінің іске ептілігін, біліктілігін көрсетіп, жұмысқа қабылданады. Осылайша қызметтегі алғашқы баспалдағын Қызылордадағы тех­никалық қыз­мет көрсету орта­лығында авто­көлікші болып бастайды.

Теориялық білімін тәжірибелік дағдымен ұштастыра білген ару Александр Пан есімді шебер­ден автомобильдің электр жаб­дықтарымен қалай жұмыс істеу керегін үйреніп, білікті маман­дардың санатына қосылған.

«Көлік жөндеу, оны құрас­тыру ер адамның жұмысы ғой. Алғашында қызымыз үшін алаң­дадық. Расында оны жұмысқа жібергім келмеді. Тіпті еліміздің мықты қалаларына қолөнер үй­рену үшін жібергім келді. Бірақ қызым айтқанынан қайтпады, – дейді анасы Гүлзат Сәулебаева.

Ата-анасының қарсылығына қарамастан өз таңдауын жасаған Айдана бүгінде тәжірибелі маман­ға айналған. Жалақысы да тәп-тәуір.

– Менің бұл қызмет көрсету орталығында жұмыс істеп келе жатқаныма 2 жылдан аса уақыт болды. Міндетім – автокөліктің электр жабдықтарын жөндеу. Бола­шақта өз кәсібімді ашқым келеді. Бұл әзірге тек жоспар ғана. Ең бастысы, мен өз мақсатыма жеттім және тәжірибе жинақтадым, бұл арманның да жүзеге асуы бек мүмкін», – деді Айдана.

А.БАЙ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: