Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 22:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Өңірдегі сапалы жолдар үлесі 75 процентке жетті

04.02.2022

1013 0

Өңір экономикасын қозғаушы негізгі бағыттардың бірі – жол инфрақұрылымы. Пандемия шектеулеріне қарамастан Қызылорда облысындағы жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 2,5 есеге артып, 75 пайызға жетті. Биыл бұл көрсеткішті 82 пайызға жеткізу міндеті тұр. Бүгін облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Тлеумбетовтың есебін тыңдап, жол желісін дамыту бойынша атқарылатын жұмыстар мен міндеттерді саралады.

Биыл аймақта жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары мен көшелерді және көпір өткелдерін жөндеуге республикалық бюджеттен 5,3 млрд.теңге және облыстық бюджеттен 7,4 млрд.теңге бөлініп, ұзындығы 239 шақырым жол желісін жөндеуден өткізу жоспарлануда.

Басқарма басшысы «Нұрлы жол», «Ауыл – Ел бесігі», «Өңірлерді дамыту», «Кіші қалаларды дамыту» бағдарламалары бойынша баяндады.

Жыл ішінде «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында құны 10,3 млрд.теңгені құрайтын облыстық және аудандық маңызы бар ұзындығы 183 шақырымды құрайтын 34 жоба жүзеге асырылады. Ал, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 14 жобаға 1,6 млрд.теңге бөлінді. «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы шеңберінде Қызылорда қаласы С.Бейбарыс көшесінен Жібек жолы көшесіне дейінгі магистралды көше құрылысы аяқталады. Сондай-ақ, «Кіші қалаларды дамыту» бағдарламасы бойынша Арал қаласының 8 көшесін және Қазалы қаласының 10 көшесін қайта жаңарту жұмыстары жүзеге асырылады.

Биыл республикалық бюджетті нақтылауға қосымша құны 16,4 млрд.теңгені құрайтын 22 жобаны қаржыландыруға ұсыныс берілген. Оның 8-і құрылыс және қайта жаңарту жұмыстары, 14-і күрделі және орташа жөндеу бойынша жобалар.

Жиында жолаушылар тасымалын ұйымдастыру мәселелері де сөз болды. Есте болса, өткен жылдың 26 қазанында әуежайдың жаңа жолаушылар терминалын салу бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға облыс әкімдігі, «Қорқыт ата әуежайы» АҚ және «Болат Өтемұратов қоры» қол қойды. Келісім бойынша Қор жобаны толық қаржыландыратын болады. Қазір жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, нысанның құрылысын биыл бастау жоспарланып отыр.

Басқосуды қорытындылаған аймақ басшысы жауапты басқарма басшысына Қарлан көпірін ерекше бақылауға алуды және жол инфрақұрылымын жақсартуда сапаға назар аударып, жобалардың уақытылы аяқталуын қадағалауды тапсырды.

©Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: