Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 07:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда атом электр станциясы салынатын орын нақтыланды

22.12.2021

2054 0

Елімізде атом электр станциясын салатын орын белгіленді. Станция Балқаш көлінің жағасында орналасқан Үлкен ауылында салынбақшы. Бұл туралы «Самрұқ-Қазына» қорының басшысы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. 

Үлкен – тұрғындар саны аз ауылдардың бірі. Мұндағы үйлердің көпшілігіне адамдар көшіп келмеген. Елді мекен 1984 жылы болашақ Оңтүстік Қазақстан гидроциркулярлық электростанциясының жұмысшыларына арнап салынған. Алайда кейін жоспар өзгеріп, кәсіпорын құрылысы тоқтап қалған. Нәтижесінде Үлкен шағын балықшылар ауылына айналды. 1999 және 2009 жылдар аралығында мұндағы тұрғындар саны екі есеге азайған. 

Қазақстанда АЭС құрылысын жүргізуге Қытай, Ресей және Франция елінің мердігерлері дайын отыр. Сәтқалиевтің сөзінше, сәйкес ұсыныстар да келіп түскен. Алайда қай технологияны таңдайтыны әлі нақтыланбаған. 

«Шешім қабылдау кезінде барлық жағдай қарастырылады – қолданылатын технологиялардың қауіпсіздігі, бұған дейін салынған атом реакторлар саны, сонымен қатар Қазақстанда жанармайды оқшаулау мүмкіндігі», – деп түсіндірді қор басшысы. 

Атом электр станциясыне салу жайлы жоспармен бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев бөліскен. Мұның басты себебі – елдегі электр қуатын тұтыну мөлшерінің артуы. Қазір қуат тапшылығы Қазақстанда ғана емес, Қытайда да байқалған. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: