Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 13:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Гүлшара Әбдіқалықова: Өңдеу өнеркәсібіне тартылған инвестиция көлемі артты

18.11.2021

1028 0

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова осы жылдың қорытындысын баяндады.

«Облыс экономикасы 0,1%-ға артты. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібіне тартылған инвестиция көлемі артты – 2,6 есе өсті. 2007 жылы өңірде ең жоғары өндіру көлемі 11,7 млн тоннаны құрады. Биыл болжам бойынша 4,2 млн тонна мұнай өндіріледі. Жаңа кен орындарын іздеу мақсатында биыл Арал теңізі акваториясының «Батыс» және «Шығыс» учаскелерін, сондай-ақ, Сырдария шөгінді бассейні аумағының бір бөлігін сейсмикалық барлау бойынша жоба-сметалық құжаттама әзірлеу аяқталады. 2022 жылы сейсмикалық барлау жұмыстары басталатын болады», ˗ дейді облыс әкімі.

Белгілі болғандай, биыл құны 45 млрд теңгені құрайтын 4 жоба іске аспақ. Олардың қатарында Қызылорда қаласындағы шыны зауыты және Жаңақорған ауданында «Шалқия» кен орнында тау-кен байыту комбинатының (235 млрд теңге) және Арал ауданында кальцийленген сода зауытының (93,5 млрд теңге) құрылысын бастау жоспарланған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: