Жұма, 07 қараша, 16:52

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№84, 2196
04.11.2025
PDF мұрағаты

Рекорд: Биыл дәнді дақылдардың өнімі 27 млн тоннадан асты

07.11.2025

43 0

Фото: gov.kz

2025 жылғы ауыл шаруашылығы маусымы Қазақстан үшін рекордтық жыл болды — дәнді дақылдардың өнімі 27 млн тоннадан асып, майлы дақылдардың жиналымы бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Егін жинау барысы, қиындықтар мен жаңа нарықтар туралы ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аяқталған ауыл шаруашылығы маусымы өндіріс көлемінің тұрақты өсімін көрсетті. Қатарынан екінші жыл Қазақстан заманауи технологияларды тиімді қолдану және егіс алқаптарын әртараптандыру есебінен оң нәтижелерге қол жеткізіп отыр.

Биыл дәнді дақылдардан рекордтық өнім алынды — бастапқы салмақта 27,1 млн тонна, оның ішінде бидай – 20,3 млн тонна. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 0,5 млн тоннаға көп, алайда бидайдың егіс алқабы шамамен 900 мың гектарға қысқарған болатын.

Алғаш рет бұршақ дақылдарының өнімі 1 млн тоннаға жетті. Майлы дақылдар бойынша да рекорд тіркелді — 4,5 млн тонна, кей өңірлерде жинау жұмыстары әлі де жалғасуда. Бұл дақылдар егіс құрылымында барған сайын табысты әрі сұранысқа ие болуда.

Өсімдік шаруашылығының басқа бағыттары бойынша да жақсы нәтижелерге қол жеткізілді: картоп – 2,9 млн тонна, көкөніс – 3,8 млн тонна, бақша дақылдары – 2,6 млн тонна жиналды.

Жалпы егін жинау жұмыстары қалыпты режимде, оңтайлы агротехникалық мерзімде өтті, айтарлықтай қиындықтар болған жоқ. Қазір майлы дақылдар, сүрлемге арналған жүгері және қант қызылшасын жинау аяқталу сатысында.

Жаңа өнімнен элеваторларға 7,7 млн тонна астық қабылданды — бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі еседен артық.

Түскен жұмсақ бидайдың 53%-ы 1–3 кластарға жатады (өткен жылы — 56%), ал 4-класс үлесі 35% құрады (2024 жылы — 28%). Көлемнің жартысынан астамының клейковинасы 20%-дан жоғары, бұл оны тағамдық мақсатта пайдалануға мүмкіндік береді. Сондықтан астыққа деген сұраныс өткен жылғы деңгейде сақталады.

Өнімнің шамамен 12%-ын кластан тыс бидай құрайды — ол мал азығына және жемдік ұн өндіруге пайдаланылады. Соңғы жылдары мұндай өнімге сұраныс, әсіресе көршілес елдерде, артып келеді.

АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігі (USDA) әлемнің негізгі аграрлық елдерінде егіс жағдайы мен өнімділік бойынша жүйелі мониторинг жүргізеді. Бұл жүйе халықаралық эталон болып саналады, алайда барлық ғылыми және технологиялық жетілдірілгендігіне қарамастан, олардың болжамдары толық дәл бола алмайды. Өйткені олар ауа райы, топырақ жағдайы және аймақтық ерекшеліктерге тәуелді ықтимал модельдерге негізделген.

Тіпті ең заманауи спутниктік деректер де жергілікті климаттық ауытқулар мен ылғалдылық деңгейін нақты көрсете бермейді. Сондықтан өсімдік индексі әрдайым нақты өнімділікке тура сәйкес келе бермейді.

Сәйкесінше, USDA деректері – бұл бағалау сипатына ие болжамдар, ал нақты көрсеткіштер кейде одан өзгеше болуы мүмкін.

Жалпы өнім – 27,1 млн тонна. Бүгінгі таңда лицензияланған элеваторлардың жүктемесі 48% – бұл шамамен 6,3 млн тонна астық.
Жаңа өнімнің 2,2 млн тоннасы (қыркүйек–қазан айларында) экспортқа шығарылды.

17,4 млн тонна фермерлердің өз қоймаларында сақталуда, 700 мың тоннасы өңдеуге жіберілді, ал 500 мың тоннадан астамы мал азығына бағытталды.

Сонымен қатар, бір бөлігі диірмендерде, қоймаларда және егіс алқаптарындағы арнайы «рукавтарда» сақталып отыр – мұндай тәсіл соңғы жылдары кеңінен қолданыла бастады.

Жалпы сақтаудың бос қуаттары шамамен 7 млн тоннаны құрайды.

Иә, экспорттық әлеует сақталады. Өткен маусымда экспорт көлемі 13,4 млн тоннаны құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 47%-ға артты. 

2024 жылы да кей сарапшылар 12 млн тонна межесіне күмән келтірген болатын, бірақ жоспар артығымен орындалды.

Биыл Қазақстан жаңа экспорттық бағыттарды игеріп жатыр: Бельгия, Португалия, Польша, Норвегия, Вьетнам, БАӘ, Марокко, Алжир, Египет елдеріне алғашқы жеткізілімдер басталды.

Сонымен қатар, Иран, Әзербайжан, Армения және Грузия бағыттарына тасымал қайта жанданды. Қазақстандық астыққа сұраныс тұрақты және жоғары деңгейде. 

Қазіргі таңда жаңа өнімнің 2,2 млн тоннасы экспортталып, өткен жылмен салыстырғанда 21%-ға артты. Жаңа өнімнің экспорттық әлеуеті 13 млн тонна көлемінде бағалануда.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: