АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп долларға балама валюта жасағысы келген БРИКС елдерін қорқытты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Трамп БРИКС елдеріне бұл жоспардан бас тартпаса, оларға қарсы орасан зор тарифтер салатынын айтты.
«Біз бұл елдерден жаңа БРИКС валютасын жасамау немесе АҚШ долларының орнын басатын басқа валютаны қолдамау туралы міндеттемені талап етеміз. Әйтпесе олар 100 %-дық тарифтермен бетпе-бет келіп, АҚШ-тың экономикасына экспорт жасамайтын болады. БРИКС халықаралық саудада АҚШ долларын алмастыра алмайды. Енді осылай істеуге әрекеттенген кез келген ел Америкамен қатынасын толық үзеді» – деді АҚШ президенті.
БРИКС – 2006 жылы құрылған мемлекетаралық бірлестік, оған 2011 жылы Ресей, Қытай, Үндістан және Бразилия қосылды. 2024 жылдың басынан бері Египет, Эфиопия, Иран, БАӘ және Сауд Арабиясы БРИКС-ке мүше.
БРИКС мүшелері үшін бірыңғай валютатуралы талқылаулар бірнеше жылдан бері жалғасып келеді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!