Дүйсенбі, 23 желтоқсан, 02:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

Жыл соңына қарай Қазақстанның үш қаласында 5G желісі іске қосылады

13.06.2022

890 0

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі 5G желісін іске қосу жайындағы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Министрлік Қазақстан Республикасы аумақтық принцип негізінде радиожиілік спектр (бұдан әрі – РЖС) тарату бөлігінде 5G желісін енгізу стратегиясын әзірледі. Үздіксіз 100 МГц жолағын бөлу мүмкіндігі бар 3,6 – 3,9 ГГц диапазонындағы жиіліктер белгіленді. Сондай-ақ, Қазақстанда 5G технологиясын енгізу және іске асыру мерзімдері белгіленген», – деп жауап берді ведомство редакция сауалына.

Ұсынылған мәліметке сәйкес, бүгінде байланыс операторлары келесі жұмыстарды атқарды:

«Қазақтелеком» АҚ Нұр-Сұлтан қаласында «Astana Hub» IT стартаптар халықаралық технопаркі» аумағында пилоттық 5G желісін іске қосты.

Шымкент қаласында базалық станцияны орнату орны анықталды («Shymkent Plaza» СО), 5G технологиясының сынақтары техникалық енгізу сатысында.

«Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС пилоттық 5G желісін Алматы қаласындағы үш жерде іске қосқан. Олар – «Қайсар Плаза» сауда-кеңсе орталығы (Желтоқсан к-cі, 115), Панфилов көшесі (Абай атындағы МАОБТ-тан Төле би көшесіне дейін) және «Медеу» биік таулы спорт кешені.

«Кселл» АҚ Алматы қаласының Арбат ауданында (Нұрсұлтан Назарбаев пен Жібек жолы даңғылдарының қиылысы) 5G технологиясын тестілеуді іске қосты.

«Кар-Тел» ЖШС Алматы қаласында NARXOZ University (Жандосов к-сі, 55) және «Гранд Алатау» бизнес орталығы (Тимирязев к-сі, 28В) аудандарында 5G технологиясын тестілік режимнен өткізе бастаған.

«Қазақстанда 5G желісін 2022 жылдың соңына қарай республикалық маңызы бар қалалар – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкентте, ал 2023-2025 жылдары облыс орталықтарында іске қосу жоспарланып отыр», – деп толықтырды ведомстводан.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: