Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылды Цифрлық даму және жасанды интеллект жылы деп жариялады. Бұған қоса, ол биыл елімізде конституциялық реформа болатынын атап өтті, – деп хабарлайды kursiv.media
«Мен биылғы Жолдауымда Цифрлық мемлекет болуымыз керектігін жарияладым. Сондықтан келесі жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп атау туралы шешім қабылдадым. Озық технологиялар еліміздің барлық саладағы әлеуетін арттыруға жол ашпақ», – деді президент.
Ол елімізде алдағы уақытта да энергетикалық әлеуетін нығайтып, агроөнеркәсіп кешені, су шаруашылығы мәселелерін шешіп, көлік-логистика саласын және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының инфрақұрылымын дамытатынын атап өтті.
Бұған қоса, шағын және орта бизнес әрдайым мемлекет назарында болатынын, осы жылы елімізде жаңа кәсіпорындар ашылып, жолдар жөнделіп, тұрғын үйлер, мектептер, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет нысандары бой көтеретінін айрықша айта кетті.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
