Жұма, 05 желтоқсан, 12:35

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
92, (2204)
02.12.2025
PDF мұрағаты

Әлемдегі 400 ірі компания ЖИ-ді директорлар кеңесіне қолданады

05.12.2025

39 0

Фото: BAQ.KZ коллажы

Астанада «Болашақ директорлар кеңесі» форсайт-сессиясы өтіп жатыр. Ондағы негізгі тақырып – жасанды интеллект дәуіріндегі директорлар кеңесінің трансформациясы, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Дүниежүзіндегі 500 ірі компанияның 400-і жасанды интеллектіні директорлар кеңесіне қолдануды ұйғарып жатыр. Біздің «Самұрық-Қазына» сияқты тікелей директорлар кеңесі мүшесі сияқты кіргізіп жатқан жоқ. Бірақ ЖИ сарапшы ретінде келіп түскен құжаттарға сараптама жасап, қабылданатын шешімдерге ұсыныс береді. Оның тәуекелдерін көрсетеді. Бүгінгі форсайт-сессияның маңыздылығы жасанды интеллектіні тікелей қолданып жүрген компаниялар өзінің тәжірибесімен бөлісе алады, – деді Мәжіліс депутаты Айтуар Қошмамбетов.

Ол шешілуі қажет сұрақтарды сессия қатысушылары Мәжіліске, қаржы нарығын реттеу орталығына, «Самұрық-Қазынаға» тікелей айта алатынын жеткізді.

Форсайт-сессияның негізгі фокусы жасанды интеллекттің қарқынды дамуы жағдайында директорлар кеңесінің рөлі мен тәжірибелерінің өзгеруі, сондай-ақ корпоративтік басқарудың тиімді жүйесінің негізгі элементі ретінде тәуелсіз директорлар институтын нығайтуға қойылды.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялар мен холдингтердің өкілдері, жеке сектор лидерлері және халықаралық сарапшылар қатысты.

Айта кетейік, Астана Халықаралық қаржы орталығының алаңында өткен «Болашақ директорлар кеңесі» форсайт-сессиясы Қазақстанның тәуелсіз директорлар қауымдастығы QID ұлттық корпоративтік басқару кеңесінің қолдауымен ұйымдастырылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: