Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі ақпараттандыру объектілерін жасанды интеллект жүйелері санатына жатқызу критерийлерін бекіту туралы бұйрық жобасын әзірледі. Бұл туралы Zakon.kz хабарлайды.
Бұйрық жобасында ақпараттандыру объектісін жасанды интеллект жүйесі деп тануға негіз болатын критерийлер сипатталған.
Аталған критерийлер функционалдық сипаттамалардың кең ауқымын қамтиды, атап айтқанда:
- компьютерлік көру;
- табиғи тілді өңдеу;
- сөйлеуді тану және синтездеу;
- шешім қабылдауды қолдайтын интеллектуалдық жүйелер;
- синтетикалық деректер мен контентті генерациялау;
- машиналық оқыту әдістерін қолдану және т.б.
Сонымен қатар, қағидаларда «жасанды интеллект», «жасанды интеллект жүйесі», «жасанды интеллект моделі» ұғымдарын қоса алғанда, негізгі анықтамалар берілген.
Министрлікте жобаның мақсаты мемлекеттік органдар мен өзге де қатысушылар үшін ақпараттандыру объектілерін жасанды интеллект жүйелері ретінде жіктеу мен тануға бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету екенін түсіндірді.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
