Дүйсенбі, 16 ақпан, 11:21

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№12 (2224)
14.02.2026
PDF мұрағаты

Бағдат Мусин KazLLM мен ChatGPT айырмашылығын түсіндірді

16.02.2026

53 0

Фото: primeminister.kz

«Қазақтелеком» басқарма төрағасы және бұрын цифрлық даму министрлігін басқарған Бағдат Мусин отандық KazLLM моделіне қатысты сынға жауап берді. Айтуынша, KazLLM мен ChatGPT-ді салыстыруға болмайды, себебі олар инфрақұрылымдық деңгейі жағынан әртүрлі санатқа жатады, – деп хабарлайды  kursiv.media

Мусин екеуінің бір-бірінен айырмашылығын энергетика саласынан мысал келтіріп түсіндірген. Тілге қатысты модельдерді (LLM) «интеллектуалдық энергия өндіретін электр станциялары», ал ChatGPT секілді сервистерді «тұрмыстық құрылғылар» деп атады.

Инфрақұрылым және сервис

Мусиннің сөзінше, әлемдік техногиганттар (OpenAI, Google, Meta) дәл осындай «электр станцияларын», яғни инфрақұрылымды құрып жатыр. Ал ChatGPT, Copilot немесе Notion AI сол инфрақұрылым негізінде жұмыс істейтін өнімдер, яғни «теледидар мен тоңазытқыш» іспетті құралдар.

«Мұндай модельді «жасап қойып, ұмытып кетуге» болмайды. Жүйе үздіксіз жаңғыртуды және дамытуды талап етеді. Инвестиция болмаса, бәсекеге қабілетін жоғалтады. KazLLM мен ChatGPT бәсекелес емес, олар жүйенің әртүрлі деңгейі», – деді Мусин.

Экс-министрдің айтуынша, KazLLM құрудағы негізгі мақсат – басқа сервистермен бәсекеге түсу емес, технологиялық егемендікті (AI sovereignty) қамтамасыз ету.

«Интеллектуалдық энергияны» толықтай сырттан импорттауға болады. Бұл бастапқыда ыңғайлы әрі арзан болуы мүмкін. Бірақ стратегиялық тұрғыдан алғанда, елдің өз генерациясы бар ма деген мәселе туындайды», – деп түсіндірді ол.

Оның пікірінше, ұлттық модель елдің шетелдік платформаларға тәуелділігін азайтып, деректерді бақылауда ұстауға және ел ішіндегі ғылыми мектептің дамуына мүмкіндік береді.

Айта кетейік, 2026 жылдың 10 ақпанындағы үкімет отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевті сұрақтың астына алды.

Мемлекет басшысының мәліметінше, жақында іске қосылған KazLLM бағдарламасына қазақстандықтар сенбей отыр.

«Сұраныс әлі төмен. Жұрт ChatGPT-ге көбірек жүгінеді. Халық неге көшкісі келмейді? KazLLM төңірегінде не болып жатыр?», – деп сұрады президент.

Министрдің айтуынша, KazLLM мен AlemLLM қырықтан астам жүйеге енгізілген. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: