Сейсенбі, 11 қараша, 13:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№86, (2198)
11.11.2025
PDF мұрағаты

Big Data: Қазақстан геологиясын толық цифрландыру басталды

11.11.2025

51 0

Фото: pixabay.com

Қазақстанда 2026 жылға дейін геологиялық деректер толық цифрландырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан Үкімет отырысында мәлімдеді.

Айтуынша, жасанды интеллект негізінде үлкен көлемдегі деректерді жинап, талдайтын Big Data жүйесі енгізілуде.

Жоба Біріккен Араб Әмірліктерінің тәжірибесіне сүйене отырып жасалған. Пилоттық кезең аяқталып, жоба ресми түрде басталды. Толық іске қосылу мерзімі – 2028 жыл. Нәтижесінде Қазақстандағы барлық геологиялық деректер бір жүйеге біріктіріліп, толық цифрлық форматта жұмыс істей бастайды. Жоба жер қойнауын пайдаланушы компаниялардың қаржысы есебінен жүзеге асырылуда, – деп аатап өтті вице-министр.

Белгілі болғандай, қазір Бірыңғай платформа арқылы 66 000-нан астам геологиялық есепті онлайн алуға мүмкіндік бар.

Сонымен қатар бастапқы геологиялық ақпаратты да цифрландыру жүргізілуде. Бүгінде оның 73% электронды форматқа ауыстырылды, жыл соңына дейін 97%-ға жетеді. Толық цифрландыруды келесі жылы аяқтау көзделіп отыр, – деді Иран Шархан.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: