Бейсенбі, 26 желтоқсан, 21:14

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Цифрлы аутизм: ауру ма, әдет пе?

20.08.2024

472 0

 Кей ата-ана баласының ақыл-есінің дамуындағы өзгеріске мән бермейді. Жасына сай құбылыс немесе жүре дұрысталады деген салғыртықпен уақыт өткізіп алатыны қаншама. Кейін «балам есімін атап шақырса, қарамайды», «қолынан қалтафонды алсақ, жылайды» деген өкінішті көп естиміз. Оған XXI ғасырдың «пандемиясына» айналған цифрлық аутизм деген дерт қосылды.

Ғалымдар компьютер, гаджетте тәулігіне 4 сағаттан артық отыратын балада аутизмге ұқсас белгілер пайда болады деген пікірде. Бала сөйлесу кезінде планшетті іздесе, теледидар көріп отырып тамақ ішкісі келсе, ұйықтар алдында телефонды жиі пайдаланса, бұл әдеттен қорқу қажет екен. Себебі бала планшет арқылы ғана әлемді қабылдап, ата-ана балалармен шынайы өмірде қарым-қатынас жасай алмай қалады. Мұндай балалар жанындағы адамдардан эмоционалды жағынан алшақтай бастайды, айналасына мән бермейді. Қарым-қатынаста көптеген түсініспеушіліктер болып, сабағы нашарлауы мүмкін. Бұл көзге түсетін дүние. Мысалы, адамдар кездесу барысында көп сөйлесе алмай, бірден телефонға телміреді. Неврологтар да бұл қорытындыдан әрі аспай отыр.

 Аутизм мидың бұзылуынан пайда болатыны білеміз. Өткен ғасырдан бері зерттеліп келе жатқан аурудың бүгінде 98 түрі бар. Алайда аутизм мен цифрлық аутизм терминдерінің мән-мағынасы мүлдем бір-біріне ұқсамайды. Алдымен осы екі ұғымның ара-жігін ажыратып алайық.

Аутизм баланың бойында туабітті болса, цифрлық аутизм сыртқы факторлардың нәтижесінде жүре пайда болады. Соңғы өзгерісте баланың әлеуметтік коммуникациясы бұзылып  сөйлеу қабілетінің жетілмей, мінез-құлқы бұзылады. Бұл ауруға шалдыққандардың ішкі жандүниесі де, ойлау қабілеті де қарапайым адамға ұқсай бермейді

2008 жылы батыс елдері құбылысты алғаш болып таныған болатын. Зерттеу де жүргізді. Жақында француз дәрігерлері бір ай бойы гаджеттерден бас тартқан кейбір балалар аутизм белгілерінен айыққанын анықтады. АҚШ-тың Педиатрия академиясы екі жасқа толмаған балаларды гаджеттерге тіпті жолатпауға, одан үлкендерін екі сағатпен шектеуге нұсқау берді. Ресейлік психотерапевтер де виртуалды кеңістікте өмір сүретін балаларда «цифрлы аутизм» пайда болатынын анықтаған.

Қазақстанда да бұл мәселе қалыс қалмады. Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп бір-екі жыл бұрын «цифрлық аутизм» мәселесін көтерген болатын. Онда сенатор цифрлы аутизмнің белгілері қоғамда байқала бастағанын айтып, дабыл қаққан.

– Жеті атасын жатқа білетін ұрпақ орнына жеті ауыз сөзді әзер айтатын толқын пайда болды. Скринэйджер, зуммер, немесе Z-ұрпақ – өз өмірін электронды құрылғысыз елестете алмайтын жаңа буын. Қазіргі таңда логоневроз ауруы мен Турет синдромы күшейе бастады. Тұтас ұлт пен ұрпақ үлкен қауіп алдында тұр. Ата-аналардың 65 пайызы балаларына 3-5 жастан гаджет ұстатады. Бір сөзбен айтқанда, қолына «смартфон ұстап туған» буын өмірге келді, – деген еді депутат.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: