Сәрсенбі, 25 наурыз, 12:50

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№21 (2232)
22.03.2026
PDF мұрағаты

Цукерберг Meta компаниясын басқаратын жасанды интеллект ботын жасап жатыр

25.03.2026

50 0

Фото: Анадолы

Meta компаниясының басшысы Марк Цукерберг басқару міндеттерінің бір бөлігін өз мойнына ала алатын жасанды интеллект жүйесін құрмақшы, деп жазды Euronews, – деп хабарлайды KAZINFORM

Жасанды интеллект агенті пайдаланушы атынан тапсырмаларды аз адам араласуымен жоспарлап, орындауға қабілетті болады — ақпарат іздеуден бастап демалысты ұйымдастыруға дейін көмектесуі мүмкін.

Цукерберг осындай агентті күнделікті тапсырмаларды жылдам орындау үшін дамытып жатыр. The Wall Street Journal (WSJ) мәліметі бойынша, бұл бот технологиялық миллиардерге қажетті ақпаратты жылдам алуға мүмкіндік береді, есептерді қарап шығу немесе компанияның басқару жүйесін тарту қажет болмайды.

Бұл жоба Meta қызметкерлерінің барлық жұмыс процестеріне жасанды интеллект енгізу стратегиясына сәйкес келеді, деп жазады WSJ. Бұл компанияға ұйымдық құрылым деңгейлерін азайтуға және жасанды интеллектті енгізу бойынша бәсекелестік қабілетін сақтап қалуға көмектеседі.

— Біз жеке мамандардың рөлін күшейтіп, командаларды «тік емес», яғни қарапайым етуге тырысамыз. Егер бұл сәтті шықса, менің ойымша, біз әлдеқайда көп нәрсеге қол жеткізе аламыз, әрі жұмыс әлдеқайда қызықтырақ болады, — деді Цукерберг компанияның тоқсандық есебін талқылау кезінде.

Сонымен қатар, бұған дейін хабарланғандай, Гонконг әлемдегі алғашқы ашық кодты адам мен жасанды интеллект агенттерінің бірлескен жұмыс желісін іске қосуға дайындалып жатыр. Жоба нейрожүйелерді күнделікті өмірге енгізу кезінде қатаң басқару стандарттарын орнатуға бағытталған.

Бұған дейін Meta компаниясының негізін қалаушы Марк Цукерберг пен оның жұбайы Присцилла Чан Флорида штатындағы Индиан Крик жасанды аралынан 170 миллион долларға зәулім үй сатып алған еді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: