Қазақстан танымал смартфондарды шығаруға ниетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстан Оңтүстік Кореяға Samsung смартфондарын бірлесіп шығаруды ұсынды. Бүгінде ол – республикадағы ең танымал телефон.
«Бұл құрылғыларға сұраныс тұрақты түрде өсіп отыр, Қазақстан нарығының 50%-дан астамын оңтүстіккореялық бренд алып жатқанын ескере отырып, Қазақстанда смартфондардың бірлескен өндірісін құру мәселесі қарастырылып жатыр», – деп мәлімдеді цифрлық министрліктің баспасөз қызметі.
Мәлімдеулерінше, бұл жобаға серіктес таба алады.
«Қазақстанда дарынды жастар, университеттер және кешенді инновациялық экожүйе базасы бар, елде смартфондарды бірлесіп шығаруға болады», – деп қосты ICRIAP.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!