Бейсенбі, 13 қараша, 23:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№86, (2198)
11.11.2025
PDF мұрағаты

Еліміздегі 3 млн Android телефонында жаңа құтқару жүйесі жұмыс істейді

13.11.2025

44 0

Фото: Egemen.kz.

Астаналық құтқарушылар қиын жағдайға тап болған азаматтың нақты орнын автоматты түрде анықтай алады. Android және iOS құрылғысы бар азамат 112 нөміріне қоңырау шалған сәтте оның координаттары бірден оператордың экранына шығады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл Advanced Mobile Location халықаралық жүйесі арқылы жүзеге асып отыр.

— Төтенше жағдайға тап болып, бізге қоңырау шалған азаматтың құрылғысы оның нақты орналасқан орнын автоматты түрде анықтап, координаттарды операторға жібереді. Жүйе бір мезетте ең жақын орналасқан құтқару немесе жедел көмек экипажын анықтап, операторға ұсынады. Соның арқасында мамандар бұрынғыға қарағанда әлдеқайда жедел әрекет ете алады. Ал егер құрылғыда интернет болмаса, AML жүйесі координаттарды SMS арқылы жібереді, — дейді IT-Space компаниясының бас директоры Нұржан Нұрлыбаев Kazinform тілшісіне берген сұхбатында.

Әзірге жүйе еліміз бойынша 3 млн Android телефонында жұмыс істеп тұр. Ал ел бойынша жалпы 95% iOS құрылғысында сынақ режимімен қосылған. Мамандар жыл соңына дейін Қазақстандағы барлық смартфонға Advanced Mobile Location жүйесін енгізуді жоспарлап отыр.

— Егер адам қоңырау шалып, байланысқа шыға алмаса, оператор ол адамға автоматты түрде қайта қоңырау шала алады. Осылайша бізбен байланыса алмаған көптеген төтенше қоңырауға қайта хабарласамыз. Жүйе автоматты түрде қай бөлімше мен қай аумақта орналасқанын, сондай-ақ қандай күштер мен құралдар қажет екенін көрсетеді. Мысалы, егер объект болса, жүйе бірден оның өрт қаупі бар екенін анықтайды, қандай материалдар сақталғанын есепке алады және сол бойынша қалай әрекет етуі керек екенін белгілейді. Бұрын бұның бәрі қолмен жүргізілетін, сондықтан ақпаратты беру кезінде 5-10 минутқа дейін уақыт жоғалатын. Ал біздің мақсатымыз — адам факторын барынша азайту, — дейді спикер.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: