Сәрсенбі, 22 қазан, 01:01

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80, 2192
21.10.2025
PDF мұрағаты

«Ешкім бұзған жоқ»: 16 миллион қазақстандықтың деректері қалай тараған?

21.10.2025

60 0

Фото:depositphotos.com

Биыл маусымда интернетке 16 миллион қазақстандықтың жеке деректері тарап кеткен еді. Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиевтің айтуынша, бұл хакерлік шабуыл немесе деректерді бұзу салдарынан болмауы мүмкін, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мұсалиевтің айтуынша, деректер ақпаратқа қолжетімділігі бар заңды аккаунттар арқылы тараған болуы ықтимал.

«Ол заңды аккаунттардан «кеткен» болуы мүмкін деген нұсқа бар. Менің айтайын дегенім: оны ешкім бұзған жоқ. Яғни, ресми рұқсаты, логині мен құпиясөзі бар адам оны үшінші тұлғаларға берді немесе одан ұрлап алған. Осылайша, бүкіл дерекқор сол жерден алынған», – деді ол.

Шенеуніктің сөзінше, тексеру нәтижесінде таралған деректердің көп бөлігі 2022 жылғы екені анықталған.

«Бұл ақпаратқа кейінірек кейбір ұсақ мәліметтер қосылып, жаңартылғандай болған, бірақ негізгі бөлігі 2022 жылы ұрланған», – деп қосты вице-министр.

Қандай деректер тараған?

16 миллионнан аса жазба ашық тарап кеткен, бұл халықтың басым бөлігін қамтиды. Тұрғындардың мынадай жеке мәліметтері тарап кеткен: тегі, аты, әкесінің аты, жынысы, туған күні, ЖСН, мекен-жайы, тұрғылықты жері, телефон нөмірлері (ұялы, үй, жұмыс телефондары), азаматтығы, ұлты және тағы басқалары.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: