Американдық өнертапқыш, кәсіпкер Илон Маск алдағы 20 жылда роботтар адамдарды кедейліктен құтқаратынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Осыған дейін Tesla компаниясы адам тәрізді Optimus роботын жасап шығарған еді. Енді ол роботтың кедейлікті жойып, барлық адамды бай қылатыны туралы айтты. Илон Маск алдағы 20 жыл ішінде адамдар барлық ойларын роботқа жүктеп, жойылмайтын естеліктерді, цифрлық деректерді сақтап, кәсіпте де жеке өмірде де үлкен төңкеріс жасайды деп болжайды.
Optimus кедейлікті жоя алады және барлығын әмбебап жоғары табыспен қамтамасыз ете алады, – деді Илон Маск әлеуметтік желідегі парақшасында.
Масктің сөзінше, робот жүреді, билейді, күреседі және қоқыс шығарады, сыпырады, тамақ дайындайды және ең мықты дәрігерден де сауатты жұмыс жасайды. Роботтың толық өндірісі 2026 жылы басталмақ.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
