Жұма, 28 қараша, 02:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№90 (2202)
25.11.2025
PDF мұрағаты

Илон Маск жаңа мессенджерді әзірлеп жатқанын айтты

01.11.2025

446 0

Фото:depositphotos.com

Илон Маск тағы да Джо Роган подкастының қонағы болды. Әңгіме барысында ол X компаниясы X Chat деп аталатын жеке хабарлама алмасу қолданбасын әзірлеп жатқанын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РБК Криптоға сілтеме жасап.

Масктың айтуынша, мессенджер биткоинде қолданылатынға ұқсас шифрлау жүйесін пайдаланады. Қолданба бірнеше айда іске қосылады.

«X-та (бұрынғы Twitter) біз хабарлама алмасу жүйесін толық жаңарттық – енді ол X Chat деп аталады. Қолданушылар арасындағы тікелей алмасуға (peer-to-peer) негізделген шифрлау жүйесін қолданамыз, бұл біршама биткоиндікіне ұқсайды. Өте сенімді шифрлау, біз оны мұқият сынап жатырмыз», – деді Маск.

Ол сондай-ақ X Chat пайдаланушылар деректерін жарнама берушілерге жинамайтынын және бермейтінін мәлімдеді.

Маск бәсекелестерін, әсіресе WhatsApp-ты, нысаналы жарнама көрсету үшін хат алмасуларды талдайды деп сынады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: