Сейсенбі, 03 наурыз, 18:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№17 (2229)
03.03.2026
PDF мұрағаты

Instagram-дағы 17,5 млн аккаунттың дерегі қолды болды

12.01.2026

204 0

Фото: ашық дереккөз

Instagram желісінде 17,5 миллион қолданушының жеке деректері жария болып кеткен. Бұл деректі киберқауіпсіздікпен айналысатын Malwarebytes компаниясы растады. Компанияның мәліметінше, деректер қазірдің өзінде хакерлік форумдарда таралып жатыр, деп жазады Egemen.kz.

Таралған базаға пайдаланушы аттары, толық есімдер, электронды пошта мекенжайлары, телефон нөмірлері, ішінара физикалық мекенжайлар және өзге де байланыс деректері кірген.

Компания мұндай ақпараттың кибералаяқтар қолына түсуі нақты қауіп тудыратынын ескертеді:

«Қылмыскерлер бұл ақпаратты өзгенің атынан шығу, фишингтік науқандар жүргізу және аккаунт деректерін қолға түсіру үшін пайдалануы әбден мүмкін. Әсіресе Instagram-дағы құпия сөзді қалпына келтіру тетігін қолдану арқылы пайдаланушылардың есептік жазбаларына кіруге тырысады».

Сарапшылардың айтуынша, бұл деректер фишингтік шабуылдар, жалған хаттар тарату және аккаунттарды бұзу үшін пайдаланылуы мүмкін. Әсіресе электронды пошта мен телефон нөмірі белгілі болған жағдайда, аккаунтқа заңсыз кіру әлдеқайда жеңілдейді.

Malwarebytes қолданушыларға парольді жаңарту, екі факторлы қорғанысты қосу және күмәнді хабарламаларға жауап бермеу керектігін ұсынады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: