Meta Platforms алдағы аптада Ray-Ban ақылды көзілдірігінің жаңа екі түрін таныстырады. Олар көзі нашар көретін азаматтарға арналған. Бұл туралы Bloomberg жазды, – деп хабарлайды kursiv.media
Агенттік дереккөздерінің айтуынша, компания егде жастағы тұтынушыларға арналған Ray-Ban өнімдерін алғаш рет таныстыруды көздеп отыр. Дереккөздер ақылды өнімдер көзілдірік сатылатын орындарға шығарыла беретінін айтты. Өнімдер Meta-ның ақылды өнімдерінің жаңа буынына жатпайды.
Әлеуметтік желілер алыбы жасанды интеллект көмегіне сүйенетін Ray-Ban ақылды көзілдіріктерінің соңғы үлгісін былтыр таныстырған.
Ал биыл компания бас директоры Марк Цукерберг көзі нашар көретіндерге арналған өнімдер ұсынатынын меңзеген. Қаржы жылының қорытындысына арналған конференцияда кәсіпкер «миллиардтаған адам көзілдірік немесе линза тағады» деген. Миллиардердің пікірінше, олар да ақылды көзілдірік тағуға лайықты.
2027 жылы Apple компаниясы да өзінің алғашқы ақылды көзілдірігін (Smart Glasses) сатылымға шығаруды көздеп отыр.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
