Дүйсенбі, 17 қараша, 20:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№87, (2199)
15.11.2025
PDF мұрағаты

Прокуратура Astana IT University-ге тексеріс жасаған мемлекеттік органды жауапқа тартты

21.10.2025

279 0

Фото: Astana IT University

Астана прокуратурасы инвесторларды қысымға алған мемлекеттік органдардың шешімін жойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

«Прокурорлық сүзгі» –  мемлекеттік органдардың инвесторларға қатысты тексеру тағайындауы, тыйым салу немесе шектеу шараларын қолдануы, әкімшілік іс қозғауы не талап арыз бастамасы бойынша шешім қабылдау үшін прокурордың келісімі талап етілетін тетік.

Жыл басынан қала прокуратурасы мемлекеттік органдардың 34 шешімін келісуден бас тартты. Олардың ішінде бесеуі заңсыз тексерулер, алтысы – әкімшілік істер, шарттарды біржақты бұзудың 23 әрекеті бар.

Уәкілетті орган прокурордың келісімінсіз «Astana IT University» ЖШС-не қатысты тексеріс тағайындаған. Прокуратура бұл шешімді жойып, кінәлі тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Прокурордың келісімінсіз қозғалған инвесторларға қатысты әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы 8 қаулы жойылды.

Мұндай бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: