Жұма, 14 қараша, 02:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№86, (2198)
11.11.2025
PDF мұрағаты

Қазақстан қазақ тілінде сөйлейтін жасанды интеллект жүйесін әзірлеп жатыр

23.10.2025

357 0

Фото: Артём Чурсинов - архив

Қазақстанда қазақ тілінде сөйлей алатын дыбыстық тілдік жасанды интеллект моделін әзірлеу жұмысы жүріп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мун мәлімдеді.

Сондай-ақ ол «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының директорлар кеңесіне SKY атты ЖИ-ассистент енгізілуіне қатысты пікір білдірді.

Айтуынша, қазақ тіліндегі сапалы дыбыстық ЖИ жүйесін жасау – техникалық тұрғыдан мүмкін. Бірақ көп еңбекті, уақытты және айтарлықтай көлемдегі дыбыстық деректерді қажет ететін күрделі процесс.

Дұрыс сөйлейтін жүйе жасау – техникалық тұрғыдан мүмкін нәрсе. Ол үшін бізге уақыт пен әр аймақтың дыбыстық жазбалары қажет. Сонда ғана қазақ тіліндегі толыққанды дыбыстық тілдік модель жасай аламыз, – деді Дмитрий Мун.

Вице-министрдің мәлімдеуінше, қазақ тілінде сөйлей алатын жасанды интеллектті дамыту – ЖИ технологияларын ұлттық тіл мен мәдени контекстке бейімдеудің маңызды қадамына айналады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: