Сәрсенбі, 01 қазан, 17:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№74, 2186
30.09.2025
PDF мұрағаты

Қазақстанда 5 жыл ішінде бір млн адам жасанды интеллект дағдыларын меңгереді

01.10.2025

42 0

Фото: pixabay.com

«Қазақстан eGov-тан AI-gov-қа дейін: қалай серпіліс жасауға болады?» тақырыбында өткен Astana Open Dialogue аналитикалық платформасының III отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев елде ЖИ-агенттерді дамытуға бағытталған жоспарларын бөлісті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Министрдің айтуынша, негізгі міндет – мемлекеттік қызметшілерге, бизнеске және азаматтарға есептеу қуаттарына, деректер жиынтықтарына және ірі тілдік модельдерге қол жеткізу мүмкіндігін беру. Бұл қадам әрбір саланың өз бағытында жасанды интеллект агенттерін әзірлеуіне жол ашады.

Бес жыл ішінде бір миллионнан астам адамды жасанды интеллект дағдыларына оқыту жоспарда бар. Бұл – символикалық қана емес, ел үшін маңызды критикалық шек. Әрине, біз мұнымен шектеліп қалмаймыз. Бастамаға мектеп оқушылары, студенттер, мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер мен барлық қалаушылар қамтылады, – деді Жаслан Мәдиев.

Министрдің айтуынша, Қазақстанда ЖИ-ді дамыту тек мемлекеттік құрылымдардың емес, барлық саланың бірлескен күш-жігеріне айналуы тиіс.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: