Жексенбі, 25 қаңтар, 16:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№6 (2218)
24.01.2026
PDF мұрағаты

Қазақстанда 504 елді мекен спутниктік интернетке қосылды

25.01.2026

60 0

Фото: Kazinform

«Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында Қазақстанда спутниктік технологияларды пайдалану арқылы 504 ауылдық елді мекен интернет желісіне қосылды, – деп хабарлайды KAZINFORM

Жобаны Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі жүзеге асырған.

Ұлттық жобаның басты мақсаттарының бірі – талшықты-оптикалық байланыс желілерін тарту немесе ұялы байланыс базалық станцияларын орнату экономикалық әрі техникалық тұрғыдан мүмкін емес, шалғай және халқы аз елді мекендерді интернетпен қамтамасыз ету. Мұндай ауылдарда тұрақты әрі жоғары жылдамдықтағы интернетке қол жеткізу үшін спутниктік байланыс жүйелері қолданылды.

2023 жылдан бастап KazSat спутниктері арқылы 176 ауылдық елді мекен интернетке қосылды.

Қалған 328 ауылдық елді мекен бейгеостационарлық спутниктік жүйелер (НГСО) негізінде OneWeb технологиясы арқылы, Jusan Mobile операторының қатысуымен интернетке қосылды.

Нәтижесінде, «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасында көзделген барлық 504 ауылдық елді мекен спутниктік интернетпен толық қамтылды.

Жобаның іске асырылуы ауыл тұрғындарына онлайн білім алу, электрондық мемлекеттік қызметтерді пайдалану, телемедицинаға қол жеткізу және жақындарымен тұрақты байланыс орнату сияқты заманауи цифрлық мүмкіндіктерді ашты. Бұл елді мекендердегі өмір сапасын арттыруға және қала мен ауыл арасындағы цифрлық алшақтықты азайтуға мүмкіндік береді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: