Бейсенбі, 23 қазан, 14:27

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№80, 2192
21.10.2025
PDF мұрағаты

Қазақстанда айыппұлдың жаңа түрлерін енгізу ұсынылды

23.10.2025

177 0

Фото: Pixabay.com

Сенатта «Жасанды интеллект туралы» заң жобасы және оған ілеспе түзетулер қаралды. Заңда кейбір құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу ұсынылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сенатор Бибігүл Аққожинаның айтуынша, бұл заңдар цифрландыру процестерін реттеу, жасанды интеллектті қауіпсіз енгізу және қолданыстағы заңнаманы жетілдіру үшін заманауи құқықтық базаны қалыптастыруға бағытталған. 

«Жасанды интеллектті енгізу нормативтік базасыз мүмкін емес. Негізгі заң Қазақстанда алғаш рет жасанды интеллект технологияларын реттеу үшін құқықтық негіз құрайды. Ол жасанды интеллектті қауіпсіз және этикалық енгізуді қамтамасыз етуге, жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сондай-ақ инновациялық дамуды ынталандыруға бағытталған», – деді ол.

Депутаттың айтуынша, бұдан басқа, заңда адам мен қоғамды ықтимал қауіпті технологиялардан қорғауға бағытталған қатаң шектеулер бар.

1) адамның мінез-құлқын бұрмалайтын және саналы түрде шешімдер қабылдау қабілетін шектейтін немесе зиян келтіретін түпсаналық, манипуляциялық немесе өзге де әдістерді пайдалану;
2) адамға зиян келтіру немесе зиян келтіру қатерін төндіру мақсатында жасына, мүгедектігіне, әлеуметтік жағдайына жеке тұлғаның моральдық және физикалық осалдылығын пайдалану;
3) жеке тұлғалардың немесе адамдар тобының әлеуметтік мінез-құлқының немесе мәлім болған, көзделетін немесе болжанатын жеке қасиеттерінің негізінде оларды бағалау және сыныптау;
4) Қазақстан Республикасының дербес деректер және оларды қорғау туралы заңнамасын бұза отырып дербес деректерді жинау және өңдеу;
5) жеке тұлғаларды олардың нәсілі, саяси көзқарастары, діни тиесілігі жөнінде қандай да бір кемсіту үшін пайдалану мақсатында олардың биометриялық деректері негізінде сыныптау;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке тұлғаның келісімінсіз оның эмоцияларын айқындау;
7) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған жасанды интеллект жүйелерін құру және олардың қызметі нәтижелерін тарату сияқты функционалдық мүмкіндіктердің біріне ие жүйелерді еліміздің аумағында құруға және пайдалануға тыйым салынады.

«Келесі мәселе  Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң. Ол жасанды интеллект саласындағы жауапкершілікті белгілеуге ғана емес, сонымен қатар сауда қызметі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, үлестік құрылыс сияқты салаларда қолданыстағы заңнаманы жетілдіруге бағытталған», – делінген сенат комитетінің хабарламасында.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: