Жұма, 05 желтоқсан, 15:33

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
92, (2204)
02.12.2025
PDF мұрағаты

Қазақстандық бағдарламалық қамтылым өндірушісін растау ережесі бекітілді

05.12.2025

40 0

Фото: freepik

Премьер-Министр орынбасарының – жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 28 қарашадағы бұйрығымен қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізу үшін қазақстандық бағдарламалық қамтылым өндірушісін растау қағидалары бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанда шығарылған тауарларға бағдарламалық қамтылым бір мезгілде келесі талаптарға сәйкес келген жағдайда теңестіріледі:

  • бағдарламалық қамтылым Қазақстан Республикасы аумағында шығарылған;
  • бағдарламалық қамтылым сенім білдірілген бағдарламалық қамтылымның және электрондық өнеркәсіп өнімінің тізіліміне енгізілген.

Бағдарламалық қамтылымды қазақстандық өндіруші ретінде растау қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізуге үміткер әрбір бағдарламалық қамтылымға қатысты жүзеге асырылады.

Қазақстандық бағдарламалық қамтылым өндірушісін растау мақсатында БҚОҮ-нің шекті нормасы кемінде 80% болуы тиіс.

Бұл ретте, өтінім беруші тарапынан бағдарламалық қамтылымды, оның құрамдас бөліктерін, дараландыру құралдарын пайдалану құқығын беруді көздейтін лицензиялық және өзге де шарттар бойынша, сондай-ақ бағдарламалық қамтылымды әзірлеу, түрлендіру және бейімдеу жөніндегі жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсеткені үшін қазақстандық коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың шетелдік заңды немесе жеке тұлғаларының пайдасына өндірілген пайызбен көрсетілген төлемдердің жиынтық сомасы (төлем сомасы) шетелдік тұлғалардың, аталған шетелдік тұлғалардың агенттері мен өкілдерінің, сондай-ақ олар бақылайтын қазақстандық ұйымдардың бақылауымен өтініш беруші тарапынан өткен күнтізбелік жылда төленген жалпы төлем сомасының 20%-ынан аспайды.

Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізу үшін қазақстандық бағдарламалық қамтылым өндірушісін растау келесі құжаттарға негізделеді:

  • Нысан бойынша БҚОҮ есептеуі туралы есеп;
  • өтініш берушінің есепті кезеңдегі төлемдері мен кірістерін растайтын шарттардың көшірмелері;
  • бағдарламалық қамтылымды өндіру фактісін растайтын құжаттар, оның ішінде әзірлеуді бастау туралы бұйрық, техникалық немесе қызметтік тапсырма, өнеркәсіптік пайдалануға беру туралы бұйрық және өтінім берушінің бағдарламалық қамтылымды өндіру фактісін растайтын өзге де құжаттар;
  • өтініш берушінің бағдарламалық қамтылымға айрықша құқықтарының болуы, олардың Қазақстан Республикасының аумағында айрықша құқықтардың бүкіл қолданылу мерзімінде қолдануын растайтын құжаттар, оның ішінде авторлық құқық туралы куәлік, жұмыс берушінің қызметтік міндеттерін немесе тапсырмасын орындау тәртібімен (қызметтік туынды ретінде) жасалған бағдарламалық қамтылымды растайтын еңбек шарты, сондай-ақ автордан өтініш берушіге айрықша құқықтарды беру туралы шарт;
  • өтініш берілген бағдарламалық қамтылымды әзірлеуге, түрлендіруге және бейімдеуге тартылған қызметкерлердің тізбесі.

Бұл ретте шетелдік заңды және (немесе) жеке тұлғалармен төлемдер бағдарламалық қамтылымды әзірлеу, түрлендіру және бейімдеу шығындарының бір бөлігін құрайтын шетелдік заңды және (немесе) жеке тұлғалармен, сондай-ақ олар бақылайтын қазақстандық ұйымдармен, агенттермен және өкілдермен жасалған шарттар бойынша төлемдер сомасын қамтиды.

Қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміндегі мәліметтердің өзектілігін тексеру мақсатында уәкілетті орган тоқсан сайын қазақстандық тауар өндірушілер тізіліміндегі мәліметтердің, құжаттардың түпнұсқалығына мониторинг жүргізеді және оның нәтижелері туралы өнеркәсіпті мемлекеттік ынталандыру саласындағы уәкілетті органды хабардар етеді.

Бұйрық 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: