Жұма, 02 қаңтар, 16:46

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100, (2212)
31.12.2025
PDF мұрағаты

«Қазақтелеком» интернеттің нашарлау себебін түсіндірді

02.01.2026

43 0

Фото: istockphoto.com

«Қазақтелеком» абоненттері интернет жылдамдығының төмендеп кеткеніне наразы. Пайдаланушылардың айтуынша, әсіресе YouTube платформасындағы видеолар өте баяу жүктеліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Компанияның Instagram-дағы ресми парақшасында қолданушылар қызмет сапасына қатысты көптеген пікір қалдырған. «Қазақтелеком» техникалық ақаудың бар екенін растап, оны қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады.

«Қазақстан бойынша интернет жылдамдығының төмендеуіне байланысты арнайы техникалық ақауды жою туралы сұраныс ашылды. Мамандар қазіргі уақытта ақауды түзетумен айналысып жатыр. Туындаған қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз. Сервисті қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр», деп жауап берді компания өкілдері.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың қараша айында Altel, Beeline және Tele2 операторлары Қазақстанда байланыс пен интернет тарифтерінің қымбаттайтынын мәлімдеген болатын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: