Жұма, 07 қараша, 17:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№84, 2196
04.11.2025
PDF мұрағаты

Қызылордада «Inno.Fest Qyzylorda 2025» инновациялық жобалар фестивалі өтіп жатыр

07.11.2025

55 0

Қызылордада облыс әкімінің қолдауымен мерейлі 5 жылдық «Inno.Fest Qyzylorda 2025» инновациялық жобалар фестивалі өтіп жатыр.

Inno.Fest Qyzylorda – «Software Dev», «AI», «Movies&Video» бағыттары бойынша 24 сағат ішінде идеядан прототипке дейін ІТ саласында жоба жасауды мақсат ететін ерекше форматтағы іс-шара.

Фестивальдің басты мақсаты – өңірдің дамуына серпін беретін инновациялық идеяларды қолдау, ІТ саласына қызығушы жастардың жобаларын қаржыландыруға мүмкіндік жасау және жаңа есімдерді таныту.

Қызылордада «Inno.Fest Qyzylorda 2025» инновациялық жобалар фестивалі өтіп жатыр

Биыл шараға өңірдің шалғай елді мекендеріндегі жастарды тарту мақсатында 13–16 қазан аралығында Inno.Fest Roadshow кездесулері өтті.

Жүлде қоры – 5 400 000 теңге!
Сонымен қатар, үздік жоба авторларына Халықаралық ІТ университеті, Астана ІТ университеті, Қорқыт Ата университеті, Болашақ университеті, Ашық университетінен оқу гранттары және серіктестер атынан бағалы сыйлықтар табысталмақ.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: