Еурокомиссия TikTok және Meta компанияларын цифрлық қызметтер туралы заң талаптарын бұзды деп айыптады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Алдын ала қорытындылар бойынша бұл платформалар пайдаланушылардың заңсыз ақпаратқа шағымдану процесін тым күрделендіріп жіберген. Meta әлеуметтік желілердегі жазбаларды бұғаттау мен жою тәртібін әдейі қиындатты деген сынға ұшырады. Екі компания да Еуропалық комиссия шешімімен келіспейді.
Тергеу нәтижесінде заң бұзу анықталса, TikTok пен Meta компанияларына жаһандық жылдық кірістің 6 пайызына дейін айыппұл салынады
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
