Дүйсенбі, 17 қараша, 20:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№87, (2199)
15.11.2025
PDF мұрағаты

Үш күн ұйықтамай жасадық – Duolingo-ны басып озған Aleem қосымшасының жетекшісі

17.11.2025

47 0

Фото: https://www.instagram.com/geteng.official

Қазақстандық жастар жасаған тіл үйренуге арналған қосымша App Store рейтингінде Duolingo-ны басып озды. Жасанды интеллектке негізделген олардың стартапы іске қосылғаннан кейін небәрі үш күнде 107 елден 90 мың қолданушы жинаған. Алайда қосымша қазақ тілінде болмағаны үшін сынға ұшырап үлгерді. Stan.kz тілшісі жобаның авторларының бірі Асылжан Алтаймен сұхбаттасып, қосымшаның идеясы қалай пайда болғаны, команда жетістікке жету жолындағы қиындықтарын және болашаққа қандай жоспарлар құрғаны туралы сұрады.

Асылжан Алтай алдымен “Aleem” атауының мағынасын түсіндіріп, команда неліктен дәл осы атауды таңдағанын айтып берді. Оның сөзінше, “Aleem” сөзі араб және қазақ тілдерінде ортақ мағына береді. Жалпы мағынасы – “білуші”, “ғалым”. Бұл атау Aleem қосымшасы әлемдегі сапалы білімді тарататын платформа болсын деген ниетпен қойылған. 

Сондай-ақ ол жобаны жүзеге асыру барысында команданы шабыттандырған тұлғалар мен жобаны атап өтті.

“Бізді шабыттандырған бірінші топ – біздің оқушыларымыз. Ағылшын тілін үйрету кезінде олардың қажеттіліктерін, қандай қиындықтарға тап болатынын тыңдап, дәл осы мәселелерді шешетін қосымша жасау идеясына келдік. Қосымшада оқушылар сабақ өте алады, сөйлесу, жазу секілді дағдыларын дамыта алады. Алдағы уақытта YouTube-видеоларды көру мүмкіндігін, ағылшынша жаңалықтар оқу функциясын қосуды жоспарлап отырмыз. Яғни, бұл ағылшын тілін үйренуге арналған толыққанды супер-қосымша”, – деді ол.

Асылжан Алтайдың айтуынша, Aleem-нің концепциясы Kaspi Bank-тің супер қосымшасынан алынған. 

“Каспи ішінде банк қызметтерінен бөлек, маркетплейс, мемлекеттік қызметтер және күнделікті қажет сервис түрлері бар екенін білеміз. Біз де Aleem-ді дәл осындай жан-жақты супер-қосымша ретінде дамытқымыз келеді”, – дейді ол.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: