Сейсенбі, 11 қараша, 01:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№86, (2198)
11.11.2025
PDF мұрағаты

Вице-министр ауқымды форум кезінде интернеттің неліктен істен шыққанын түсіндірді

21.10.2025

244 0

Фото: Артём Чурсинов - архив

Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Досжан Мұсалиев Үкіметте өткен брифинг барысында Digital Bridge форумы кезінде орын алған интернеттегі ақауларға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, халықаралық форум толығымен демеушілердің қаражаты есебінен ұйымдастырылған.

Демеушілердің өтініші мен қол қойылған келісімдерге сәйкес, қаржы туралы ақпарат жария етілмейді. Бірақ айта кеткім келеді, форум толығымен демеушілердің қаражаты есебінен өтті. Оның нәтижесін біз қазірдің өзінде байқап отырмыз. Форум аясында 40-тан астам меморандум мен өзге де құжаттарға қол қойылды. Сонымен қатар көптеген қатысушылар осы шараның әсерін сезініп, шабыт алды, – деді Досжан Мұсалиев.

Сондай-ақ вице-министр форумға келушілер санының күрт артуы байланыс желілеріне айтарлықтай салмақ түсіргенін алға тартты.

Бір уақытта ғимарат ішінде көптеген құрылғылар жұмыс істегендіктен, олар бір-біріне радиоқарсыласу тудырды. Сол себепті кей жерлерде байланыс уақытша үзіліп қалды. Бірақ операторлардың көмегімен мәселе жедел шешілді: бес қосымша базалық станса қосылып, байланыс толық қалпына келтірілді. Бұған қоса, форум аумағында Wi-Fi жүйесі де үздіксіз жұмыс істеді, – деп толықтырды спикер.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: