Лос-Анджелестегі алқабилер соты Meta (Facebook пен Instagram иесі) және Alphabet (Google мен YouTube иесі) компанияларын 20 жастағы бойжеткен 4,2 млн доллар өтемақы төлеуге міндеттеді. Сондай-ақ олар 1,8 млн доллар айыппұл төлеуі тиіс. Платформалардың дизайын әлеуметтік желіге тәуелділік тудыратындай етіп жасалды деп айыпталған, – деп хабарлайды kursiv.media
Желі қолданушысы YouTube пен Instagram-ның тәуелділік тудыратын ерекше дизайнына байланысты сотқа жүгінген. Алқабилер корпорациялардың бұл платформалардың дизайнын әзірлеуде салғырттық танытқанын және қолданушыға ол қауіп туралы ескертпегенін мойындады. TikTok пен Snapchat платформалары да бұл іс бойынша жауапкер ретінде тартылған, бірақ олар процесс басталмай тұрып соттан тыс келісімге келді.
Өз кезегінде Meta да, Alphabet те сот шешімімен келіспейді, шағым түсіруге ниетті. Meta заңгерлері бойжеткеннің психологиялық мәселелері әлеуметтік желіге тәуелділіктен емес, отбасындағы күрделі жағдайдан туындаған деп есептейді.
Былтырдан бастап бірнеше ел әлеуметтік желіден туындайтын тәуелділіктің қаупі жайлы дабыл қағып, жасөспірімдердің пайдалануына тыйым салмақшы. Қазір Ұлыбритания мен Франция заң жобасын талқылап жатыр
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
