Қазақстан жасанды интеллект саласын үш бағытта дамытуға басымдық беріп отыр. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Freedom Inside ’26 форумында мәлімдеді, – деп хабарлайды kursiv.media
Министрдің айтуынша, қазақ үкіметі толық ЖИ-ді дамытуға бел шеше кіріскен. Институционалды блокты бекіту, инфрақұрылым мен адам капиталын дамыту – негізгі бағыттар.
Заң қабылданып, сарапшылар тартылып жатыр
«Институциооналдық дамыту тұрғысынан келер болсақ, осы салаға арнайы Жасанды инттеллек және цифрлық даму министрлігі құрылып, арнайы бес жылдық жоспар қабылданған. «Цифрлық кодекс» пен «Жасанды интеллект» туралы заң негізгі құқықтық шеңберді айқындап берді», – деді ол.
Жаслан Мәдиевтің айтуынша, мемлекеттің мақсаты – саланы шектен тыс реттеу емес, керісінше, мемлекеттік органдарға жаңа технологияларды тиімді енгізуге көмектесетін терминологиялық және этикалық негізді қалыптастыру. Осы ретте азаматтарды түрлі цифрлық манипуляция мен алаяқтық әрекеттен қорғау үшін жасанды интеллект өнімдерін міндетті түрде таңбалау секілді нақты талаптар енгізілді.
Институционалдық ортаны дамыту аясындағы маңызды қадамдардың бірі — ҚР Президенті жанындағы Жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі халықаралық сарапшылар кеңесінің іске қосылуы. Былтыр қазан айында «Digital Bridge» форумында алғашқы отырысын өткізген бұл кеңес білім берудегі жасанды интеллект мәселелерін талқылаған.
Аталған кеңестің құрамына әлемдік деңгейдегі ең таңдаулы мамандар тартылған. Олардың қатарында Google-дың зерттеу бөлімінің бұрынғы басшысы Питер Норвиг, белгілі AI-футуролог доктор Ли Кайфу, БАӘ-нің Жасанды интеллект жөніндегі министрі Омар Сұлтан Әл-Олама және «G42» халықаралық бөлімшесінің басшысы секілді беделді тұлғалар бар.
«Халықаралық сарапшыларды тартудың басты мақсаты – олардың озық тәжірибесін Қазақстанның цифрландыру үдерісіне және жасанды интеллект саласының сапалы дамуына пайдалану», – деді министр.
Инфрақұрылым қалай дамиды
Жасанды интеллек саласын дамытуға қажетті инфрақұрылымды мемлекет жеке сетормен бірлесе отырып қалыптастырып жатыр. Цифрлық инфрақұрылым деген талшықты-оптика жүйесі, жер-жерде интенеттің дұрыс ұстауы, спутник интернеті.
Министр қазір ірі инфрқұрылымдық жобалар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. 2027 жыл соңына дейін 90 пайыз ауылға талшықты-оптика жүйесі жеткізілмек. Каспий түбінене жүргізілген талшықты-оптика жүйесі биыл ІІІ тоқсанда іске қосылады. Бұл жүйе Қытай мен Еуропа арасындағы интернет тарфиктегі Қазақстанның ролін одан ар арттыра түспек.
Сонымен қатар суперкомпьютерлер алынып, оларды мемлекеттік органдар, стартаптар, зерттеу институттары пайдаланып, KazLLM тілдік моделін дамытып жатыр.
Қазіргі таңда мемлекеттік аппаратта 20-дан астам жасанды интеллект (ЖИ) агенті жұмыс істеп тұр. 2026 жылдың соңына қарай олардың санын 50-ге дейін жеткізу жоспарланған.
Білімге басымдық беріледі
Сонымен қатар адамдарды оқыту мәселесіне де баса назар аударылған. Өткен жылы бір миллионға жуық мектеп оқушылары, студенттер, мемлекеттік қызметшілер мен мамандар цифрлық дағдылар мен жасанды интеллект негіздерін үйренген.
Оның ішінде 60 мыңнан астам мемлекеттік қызметші жасанды интеллект бойынша арнайы оқыту курстарынан өтті. Мәдиев әкім орынбасарларын да цифрлық технологияларды меңгеруге шақырды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
