Сейсенбі, 16 желтоқсан, 20:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№96 (2208)
16.12.2025
PDF мұрағаты

Жасанды интеллект Қазақстанға 44 млрд үнем әкелді

16.12.2025

42 0

Фото: Egemen.kz.

Энергетика министрлігі Мемлекет басшысының экономиканы цифрлық трансформациялау карталарын әзірлеу жөніндегі тапсырмасына сәйкес саланы кезең-кезеңімен цифрландыру жұмысын жүргізіп келеді. Бұл туралы Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілияс мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оның айтуынша, 2025 жылы Цифрлық трансформация офисі құрылып, отын-энергетика кешенінің цифрлық трансформация картасы бекітілді. Сонымен қатар ақпараттық жүйелер мен деректер модельдерінің мақсатты архитектурасы әзірленіп, EnergyTech бірыңғай салалық платформасын қалыптастыру басталды.

«2025 жылы жасанды интеллектке негізделген екі жүйе пилоттық режимде сәтті сынақтан өтті. Оның бірі – дрондар мен жасанды интеллектіні қолдану арқылы әуе электр беру желілеріндегі ақауларды анықтау жүйесі. Бұл жобаның күтілетін экономикалық әсері 2,5 млрд теңгені құрайды. Екіншісі – роботтандырылған кешен мен жасанды интеллект негізінде жылу желілерінің құбыр ішіндегі ақауларын анықтау жүйесі. Бұл жобадан күтілетін экономикалық тиімділік 42 млрд теңгеге бағаланып отыр. Қазіргі уақытта екі жоба да нормативтік бекіту мен ауқымдау кезеңінде», деді Бақытжан Ілияс.

Вице-министрдің айтуынша, EnergyTech бірыңғай платформасы SmartGrid және SmartField компоненттерін қамтиды. Бұл жүйелер киберқауіпсіздік талаптарын ескере отырып, салалық деректерді онлайн режимде жинауға және беруге мүмкіндік береді. Ал QazTech платформасымен өзара ықпалдастық деректер сапасын арттырып, жасанды интеллект технологияларын кеңінен қолдануға жол ашады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: