Сәрсенбі, 05 қараша, 13:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№84, 2196
04.11.2025
PDF мұрағаты

ЖИ туралы жаңа заң медиа саласының цифрлық трансформациясына құқықтық негіз қалыптастырады

05.11.2025

42 0

Фото: pixabay.com

Елордада өтіп жатқан Astana Media Week 2025 аясында Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов медиа мен коммуникация саласында жасанды интеллектті реттеу және дамыту жөнінде мемлекет ұстанымын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша, бүгінде жасанды интеллект туралы заң Сенаттың қарауына жіберілген. Құжатта жасанды интеллектіні қолданудың негізгі тетіктері – тәуекелдерді бағалау, қауіпсіздік мәселелері, қаржыландыру жолдарына дейін нақты жазылған.

Бұл заң – жасанды интеллектіні жүйелі түрде реттеуге жасалған алғашқы қадам. Біз реттеуші орган ретінде тек құқықтық емес, қаржылық механизмдерді де қарап отырмыз. Мақсатымыз – технологияны қауіпсіз әрі тиімді енгізу, – деді Қанат Ысқақов.

Ол ведомство медиа саласына жасанды интеллектті енгізуді қолдайтынын, бірақ оны өте мұқият, кезең-кезеңімен жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.

Пайымдауынша, басты мақсат – контенттің сапасын, аналитикалық тереңдігін арттыру, бірақ қоғамдық қауіпсіздік пен ғылыми этикаға нұқсан келтірмеу.

Жаңа технологияларды қолданбасақ, бәсекеге қабілеттіліктен айырылуымыз мүмкін. Қазақстанның медиасаласы әрқашан мықты болды. Біз әлемдік стандарттан қалыспау үшін инновация мен цифрлық шешімдерді пайдалануымыз керек, – деп қосты вице-министр.

Қанат Ысқақов сөзінің соңында технология дамуы демократиялық құндылықтарға қарсы келмеуі тиіс екенін ерекше алға тартты.

Біз ешқашан инновацияны сөз бостандығын шектеу есебінен енгізбейміз. Бұл құқықтар Конституциямен және халықаралық нормалармен бекітілген, біз үшін олардың орны бөлек, – деді Қанат Ысқақов.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: