Сенат кулуарында Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова жасанды интеллект көмегімен жасалған шығарманың авторы кім болып саналатынын түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Вице-министрдің айтуынша, жасанды интеллект – тек құрал, ол белгілі бір алгоритм бойынша әрекет етеді. Сондықтан мұндай жағдайда автор деп нақты тапсырма берген адам саналады.
Егер, мысалы, жасанды интеллектке белгілі бір тапсырма беріп, ол сіздің сұранысыңыз негізінде туынды жасаса, онда автор болып тапсырма берген адам есептеледі. Өйткені жасанды интеллект өзі шығармашылық субъектісі емес, ол тек адамның орнатқан алгоритмін орындайды, – деді Ботагөз Жақселекова.
Оның айтуынша, бұл қағида жасанды интеллекттің заңдық мәртебесін айқындау және авторлық құқықты қорғау тұрғысынан маңызды.
Яғни егер сіз жасанды интеллектке “маған осындай ән жаса” деп сұраныс берсеңіз, сол әннің авторы өзіңіз боласыз. Себебі интеллект сіздің нұсқауыңызды ғана орындайды, – деп түсіндірді вице-министр.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
