Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 09:54

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

15 жасқа толмаған жасөспірімдерге әлеуметтік желі қолдануға тыйым салынады

24.10.2024

577 0

Сурет:pexels.com

Норвегия билігі 15 жасқа толмаған жасөспірімдерге әлеуметтік желіні қолдануға тыйым салмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Елдің премьер-министрі Йонас Гаар Стордың айтуынша, технологиялық компаниялар “билік алгоритмімен” жұмыс істейді және олар біз қорғауымыз керек балалардың “миына қарсы» құрылған. 

Норвегия заңы 13 жасқа дейінгі балаларға арналған әлеуметтік желі қолдануға шектеу қойған. Алайда заң әзірге оң нәтиже беріп жатқан жоқ. Он жастағы балалардың 58%-ы, он бір жастағы балалардың 72% әлеуметтік желіні пайдаланады. Заңның іс жүзінде жүзеге асуын қамтамасыз ету үшін билік жергілікті жеке деректер туралы заңдарды өзгертуді және адам жасын ресми түрде тексеру механизмін енгізуді жоспарлап отыр.

The Guardian басылымының мәліметінше, Австралия билігі қыркүйекте осыған ұқсас заңды бекітті. Онда ең төменгі жас әлі белгіленген жоқ. Бірақ төменгі шек 14 пен 16 жас аралығында болады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: