Бейсенбі, 28 қараша, 21:43

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№94-2104
26.11.2024
PDF мұрағаты

19 жастағы жігіт желіге жазған пікірі үшін бас бостандығынан айырылды

12.11.2023

1230 0

Сурет pexels-тен

Өзбекстанда 19 жастағы жігіт Instagram желісінде президент Шавкат Мирзиеевтің атына жазған дөрекі пікірі үшін 2,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы gazeta.uz  хабарлайды.

Үкімді Самарқанд облысының Қаттақорған аудандық қылмыстық істер жөніндегі соты шығарған. Анықталғандай желі қолданушысы президенттің отбасы туралы жазбаның астына жеке басын қорлайтын жазба қалдырған.

Сот сараптамасы басылымда президентті «қорлап, беделін түсіруге» қатысқан әрекеттерді анықтады. 

Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, достарының кеңесінен кейін өз пікірін өшіріп тастағанын айтты. Арада біраз уақыт өткен соң оның үстінен қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды.

«Жігіт Шавкат Мирзиеев жүргізіп отырған саясатқа қарсы емес екенін, тек жастығы мен түсінбегеніне байланысты президентті қорлайтын сөздер жазғанын айтты», – делінген сот шешімінде.

Нәтижесінде ол кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: