Жексенбі, 22 желтоқсан, 11:05

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

46 жылын түрмеде өткізген ер адам ақталып шықты

26.09.2024

312 0

Сурет: tucsonweekly.com

Бірнеше адамды өлтірді деп танылып, 46 жыл түрмеде жалғыз адамдық камерада отырған 88 жастағы Жапония азаматы Ивао Хакамада толық ақталып шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz 

ӨЛІМ ЖАЗАСЫ

Ивао Хакамада 1968 жылы бастығы мен оның әйелі және екі баласын өлтірді, олардың үйін өртеп жіберді деп айыпталып, өлім жазасына кесілген.
Ол бастапқыда кінәсін толық терістеп, кейін мойындаған. Алайда полицейлердің аяусыз жауап алуы мен азаптағанынан кейін мойындағанын жылдар бойы айтып, онысын дәлелдей алмай келді.

ҚАЙТА ҚАРАУ

2014 жылы адвокаттар қылмыскер киді делінген киімдегі қан ДНК-сы қорғауындағы адамдікімен сәйкес келмейтінін дәлелдеп, Ивао Хакамада босатылып, істі қайта қарауға рұхсат алған. Бірақ сот процесі созылып, тек былтыр ғана қайта қарала бастады. Процесті қайта қарау барысында Хакадами толық ақталып шықты. Осылайша, Жапония заң тарихындағы ең танымал әрі ұзақ іске нүкте қойылды.

Хакамада бүгінде психикалық жағдайы нашарлап кетуіне байланысты қарындасының қамқорлығында. Өзі сотқа келе алмады. Ол өлім жазасына кесіліп, ісін қайта қарауға қол жеткізе алған елдегі бес адамның бірі. 46 жыл бойы түрмеде отырғаны кезінде өзінің кінәсіздігін айтудан жалықпаған.

ҚОҒАМ РЕАКЦИЯСЫ

Оқиға қоғам қызығушылығын тудырып, Сидзуокедегі сот залына процесті көргісі келетіндерден 500 адамдық кезек пайда болған.
Белсенділер бұл іс елдің сот жүйесіндегі көптеген кемшіліктерді ашып бергенін, өлім жазасының тым қатаңдығын айтқан.

46 жылын түрмеде өткізген ер адам ақталып шықты

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: