60 тонна газ тасымалдаған жүк көлігі жарылып, салдарынан 20 көлік өртенді. Оқиға Монғолияның астанасы Ұлан-Батырда орын алды деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер бар.
Жергілікті БАҚ мәліметінше, жарылыстан жүк көлігі 30-40 метр қашықтыққа ұшып кеткен.
Өрттен бес адам қайтыс болды, олардың үшеуі жедел қызмет өкілдері, тағы екеуі тұрғын.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!