Сенбі, 21 желтоқсан, 20:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

75 жастағы зейнеткер әлеуметтік желідегі жазбасы үшін тұтқындалды

22.10.2023

1124 0

Фото әлеуметтік желіден алынды/Салия Таштанова

Қырғызстанда 75 жастағы зейнеткер Салия Таштанова әлеуметтік желідегі жазбасы үшін тұтқындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Адвокат Токтосун Жоробековтің айтуынша, зейнеткерге «Билікті күштеп басып алуға жария шақыру» бабы бойынша айып тағылған. Облыстық соттың шешімімен Таштанова 4 қарашаға дейін қамауға алынды.

«Адахан Мадумаров қамауға алынғаннан кейін Салия Таштанова президентке және Қамшыбек Ташиевке елді қымбатшылық жайлағанын, әділдік жоқ екенін айтып үндеу жолдаған. Осыдан кейін тергеушілер оның үстінен «президенттің және  Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің басшысының беделіне нұқсан келтірді» деген айыппен қылмыстық іс қозғады», – деді адвокат.

Өткен жылы Салия Таштанова құрылтайда сөз сөйлеп, егер шекара мәселесін шеше алмаса, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Қамшыбек Ташиев пен ел президенті Садыр Жапаровтан отставкаға кетуді талап еткен.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: