Жексенбі, 22 желтоқсан, 14:20

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№100 (2110)
21.12.2024
PDF мұрағаты

«Әйелін қызғанған». Ер адам досын аяусыз ұрып өлтірген

16.07.2023

598 0

Өзбекстанда жантүршігерлік оқиға болды. Ер адам әйелін қызғанғаннан досын аяусыз ұрып өлтірген, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

 

Бешарық аудандық қылмыстық істер жөніндегі сотында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірген ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды.

 

Даңғара ауданының 30 жастағы тұрғыны әйелін досымен қарым-қатынаста болды деп күдіктеніп, оны жылыжайға әңгімелесуге шақырған. Сол жерде туындаған жанжал кезінде күйеуі досының басынан ұрып, жәбірленушіге ауыр дене жарақатын салған. Ауруханаға жеткізілген ер адам көп ұзамай көз жұмды.

 

Сотталушының айтуынша, ол әйелімен біраз уақыт араздасып жүрген. Бір күні ол баласын көруге үйіне келгенде, әйелінің телефонынан махаббат хатын тауып алады. Әйелінің досының нөмірін «қожайыным» деген атпен сақтағанына ер адам да ашуланған. Кейін ол досымен сөйлесуді шешкен. 

 

Сот оны Қылмыстық кодекстің 104-бабының 3-бөлігінің «е» тармағымен кінәлі деп танып, 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.

 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: